ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНЕКӘСІБІ. 2016 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Каюпова, Ф.Е. (2016) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНЕКӘСІБІ. 2016 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. Scientific-Practical Journal of Medicine, "Vestnik KazNMU" (4). ISSN 2524 - 0692

[img] Text
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНЕКӘСІБІ. 2016 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ.pdf

Download (1MB)
Official URL: http://kaznmu.kz/press/

Abstract

Қазіргі таңда дәрілік зат заманауи медициналық көмектің құрамдас бөлігі болып табылады,ол адам ауруларының кең ауқымды алдын алу, диагностикалау және емдеуге мүмкіндік береді, өмір сүру ұзақтығын және өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді. Дәрі-дәрмектердің белгілі бір жиынтығына тұрақты қолжетімділік дәрілік заттың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінде негізгі түйін болып табылады. Сонымен бірге, фармацевтика өнеркәсібі - ең жоғары технологиялық және ғылымды қажет ететін салалардың бірі және инновациялық даму локомотивтерінің бірі болуы мүмкін. Фармацевтика өнеркәсібінің ерекшелігі - бұл басқа салалармен салыстырғанда жаңа өнімдерді жасаудың ұзақ циклі, себебі бұл процесс ғылымиға және ресурсқа негізделген.Әдетте, жаңа препараттардың дамуыұзақ уақытты және қымбат клиникалық сынақтарды қоса есептегенде шамамен 10-15 жылға созылады.Фармацевтика өнеркәсібінің дамуы биология және химия саласындағы жетістіктерге байланысты және фармацевтикалық нарықтың дамуының ғаламдық перспективалары химия, биология және медицина, ғылымды қажет ететін био- және нанотехнологиялар бойынша соңғы жетістіктермен анықталады және сондай-ақ ірі фармацевтикалық компанияларды және олардың жаңа өнімдер мен қызметтерді дамытудың аса қауіпті кезеңдерін қабылдайтын инновациялық бизнестің әртүрлі кішігірім нысандары бар қоршаған ортасын қамтитын инновациялық жүйені дамыту. Отандық фармацевтикалық нарықтың жай-күйі екі негізгі сипаттамамен ерекшеленеді:дайын дәрілік заттар мен клиникалық тиімділігі жоғалған және ескірген субстанция өнімдерінің басымдылығы, сондай – ақ, импорттың жоғары үлесі.Отандық нарықтың сегменті 70-80 жылдары өндірісте шығарылған препараттардың басымдылығымен сипатталады. Заманауи отандық инновациялық препараттарға тиесілі пайыздық үлес 0,2%. Осылайша, фармацевтикалық саланың дамуы химия, биология салаларының жетістіктеріне байланысты. Қазақстандық фармацевтикалық өндірістің көлемінің ұлғаюына нарықтағы ішкі сұраныстың жоғары өсуі негізгі серпін тигізді. 2016 жылғы көрсеткіш бойынша өндірілген фармацевтикалық өнім 42,4 млрд.теңгені құрады және бұл көрсеткіш соңғы бес жылда рекорд орнатты.

Item Type: Article
Uncontrolled Keywords: фармацевтикалық өндіріс,дәрілік зат,отандық нарық,фармацевтикалық сала, фармацевтикалық өнеркәсіп өнімінің экспорты және импорты.
Subjects: R Medicine > RS Pharmacy and materia medica
Divisions: Научно-практический журнал "Вестник КазНМУ" > Выпуск №4 2016 год
Depositing User: Mr Askhat Zhakaev
Date Deposited: 25 May 2018 08:44
Last Modified: 25 May 2018 08:44
URI: http://repository.kaznmu.kz/id/eprint/15075

Actions (login required)

View Item View Item