ШИМ, В.Р. (2016) ТЕМIРТАПШЫЛЫК АНЕМИЯСЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ДИСПАНСЕРЛІК БАҚЫЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІН САРАПТАУ. Scientific-Practical Journal of Medicine, "Vestnik KazNMU" (4). ISSN 2524 - 0692
![]() |
Text
ТЕМIРТАПШЫЛЫК АНЕМИЯСЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ДИСПАНСЕРЛІК БАҚЫЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІН САРАПТАУ.pdf Download (958kB) |
Abstract
Балаларда жиі кездесетін фондық патологияларға теміртапшылықты анемия, дистрофиялар, мешел аурулары жатады. Анемия — қан гемоглобинінің жалпы мөлшерінің азаюымен сипатталатын патологиялық жағдай. Гемоглобиннің (Нв) жалпы мөлшерінің азаюы көбіне эритроциттер саныныңазаюыменқосарланады.Теміртапшылықты анемия (ТТА) — қан сарысуында, сүйек миында, деполарда темірдің жетіспеуінен дамитын анемия. Темірдің тапшылығынан гемнің және құрамына темір кіретін ақуыздардың синтезі бұзылады. Темірдің тапшылығы екі түрлі бұзылысқа әкеледі — сидеропенияға және анемияға. Гемоглобин синтезінің бұзылысынан анемия дамыса, миоглобиннің және құрамына темір кіретін ферменттердің синтезінің бұзылысынан сидеропениялық синдром пайда болады. Сидеропениялық синдром анемияның көрінісінен бұрын дамиды, бірақ науқас оның белгілерін елеместен жүре береді. Теміртапшылықты анемия — жер бетінде кең тараған патологиялық үрдіс, оның саны барлық анемиялардың 80-95% құрайды.
Item Type: | Article |
---|---|
Uncontrolled Keywords: | теміртапшылықты анемия, диспансеризация, қауіп қатер факторы |
Subjects: | R Medicine > RJ Pediatrics |
Divisions: | Научно-практический журнал "Вестник КазНМУ" > Выпуск №4 2016 год |
Depositing User: | Mr Askhat Zhakaev |
Date Deposited: | 14 Jun 2018 11:32 |
Last Modified: | 14 Jun 2018 11:32 |
URI: | http://repository.kaznmu.kz/id/eprint/15188 |
Actions (login required)
![]() |
View Item |