СТРЕСС ФАКТОРЫНЫҢ ЖҮРЕК ҚЫЗМЕТІНЕ ӘСЕРІН ХОЛТЕР ӘДІСІ БОЙЫНША АНЫҚТАУ

БАТЫРБАЕВА, Д. Ж. (2018) СТРЕСС ФАКТОРЫНЫҢ ЖҮРЕК ҚЫЗМЕТІНЕ ӘСЕРІН ХОЛТЕР ӘДІСІ БОЙЫНША АНЫҚТАУ. Scientific-Practical Journal of Medicine, "Vestnik KazNMU" (3). ISSN 2524 - 0692

[img] Text
СТРЕСС ФАКТОРЫНЫҢ ЖҮРЕК ҚЫЗМЕТІНЕ ӘСЕРІН ХОЛТЕР ӘДІСІ БОЙЫНША АНЫҚТАУ.pdf

Download (1MB)
Official URL: http://kaznmu.kz/press/

Abstract

Тұлға дамуы адамның өзіне қатысты əлеуметтік мəдени ортаны меңгеруінің нəтижесі жəне үрдісі. Əрдайым физикалық, психоэмоциональды және ойлау жүктемелерінің шамадан тыс болуы, еңбек, демалыс, тамақтану кестесінің бұзылуы, сонымен қоса ұялы телефондарды шамадан тыс көп пайдалануының салдарынан əртүрлі функционалдық қызметтерінің бұзылуына, ауруға шалдығуына əкеліп соғады. Студенттік қауымда емтихандар, əлеуметтік бейімделуге, болашақ мамандығы аясындағы өзін тұлға ретінде айқындалуына жиі қолданылатын ұялы телефондар адам саулығына қауіп төндіруі мүмкін. Осының салдарынан студенттерде жүрек - қан тамыр жүйесінің вегетативті реттелуінің бұзылуы, яғни жүрек жиырылуының жиіленуі, артериалдық қысымның көтерілуі, бұлшық еттік және психоэмоционалдық күш түсу деңгейінің көтерілуі көбейіп келеді. Ұялы телефондардың әсерінде көп уақыттарын кетіретін студенттер жүрегінің тәулік бойындағы физиологиялық күйін зерттеуге ЭКГ әдістемесінің негізінде жұмыс жасайтын Холтер мониторингі қолданылды. Бұл мoнитopинг жүйeci МТ-101 тіркеуші блогы жәнe компьютерде анализ жасауға арналған МТ-200 бaғдapлaмacынан тұрады. Зерттеу нысаны ретінде 20–21 жас аралығындағы 9 студент алынды. Сессияға дейінгі оқу процесінде студенттерден тіркелген ЭКГ көрсеткіштері қалыпты жағдай ретінде есепке алынды, ал сессия кезінде осы студенттерден тіркелген ЭКГ көрсеткіштерін тәжірибелік топ ретінде қарастырылды. Күнделікті оқу процесінде жүрген студенттердің сессия кезінде жүрек функциясына стрестік күй мен ұялы телефондардан туындайтын электромагниттік өрістің әсерін анықтау мақсатында студенттердің тәулік бойында жүректің электрокардиограммасы зерттелді, QRS жиынтығы мен жүрек жиырылу жиілігі анықталды. Қалыпты жағдайда да, сессия кезінде де зертеуге алынған ЖЖЖ және QRS жиынтығының көрсеткіштері түнгі мезгілімен салыстырғандағы мәндері жоғары, түнгі мезгілде ағза демалуына байланысты төмен мәндері тіркелген. Ал сессия кезіндегі көрсеткіштерді қалыпты жағдаймен салыстырғанда статистикалық сенімділікпен (р < 0,05) синхронды түрде түнгі мезгілдерде жоғарылағаны анықталды.

Item Type: Article
Uncontrolled Keywords: сессия, смартфон, Холтер мониторингі, жүрек жиырылу жиілігі, QRS кешені, электромагниттік өріс.
Subjects: R Medicine > R Medicine (General)
Divisions: Научно-практический журнал "Вестник КазНМУ" > Выпуск №4 2016 год
Depositing User: Mr Askhat Zhakaev
Date Deposited: 07 Nov 2018 09:44
Last Modified: 07 Nov 2018 09:44
URI: http://repository.kaznmu.kz/id/eprint/15324

Actions (login required)

View Item View Item