Жұматаев, Д.Т. (2019) ІШ ҚУЫСЫ МҮШЕЛЕРІНЕ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛҒАН ПАЦИЕНТТЕРДЕ ІШТІҢ ЖАБЫСПАЛЫ АУРУЫН АЛДЫН АЛУ. Scientific-Practical Journal of Medicine, "Vestnik KazNMU" (1). ISSN 2524 - 0692
Text
ІШ ҚУЫСЫ МҮШЕЛЕРІНЕ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛҒАН ПАЦИЕНТТЕРДЕ ІШТІҢ ЖАБЫСПАЛЫ АУРУЫН АЛДЫН АЛУ.pdf Download (658kB) |
Abstract
Іш қуысының жабыспа ауруы - іш пен кіші жамбас қуысына жасалған операциялардан кейін ең жиі кездесетін асқынулардың бірі болып табылады. Бұл асқыну өз кезегінде бедеулікке, іштегі созылмалы ауру сезіміне және ішек өтімсіздігіне алып келеді.Лапароскопия бүгінгі таңда іш қуысы мүшелерінің хирургиялық ауруларына операция жасауда «Алтын стандартқа» айналды. Лапароскопиялық хирургия «ашық» хирургиямен салыстырғанда бірнеше басымдыққа ие, оның ішінде тез сауығу, госпиталиязация күндерінің қысқаруы, операциядан кейінгі ауру сезімінің азаюы, сонымен қатар косметикалық басымдылықтар. Хирургияның осы саласының технология жағынан одан әрі жетілуі, заманауи әдістердің жасалуы және арнайы лапароскопиялық дағдылардың игерілуі - іш қуысына жасалатын операциялардың спектрін одан әрі кеңейтті, мысалы интракорпоральді тігістер мен аностомоздар салу және т.б. Операциядан кейінгі жабыспалар ішастардың абберантты жазылуымен тікелей байланысты және ішек өтімсіздігіне алып келетін негізгі себеп болып табылады. Қазіргі уақытта жабыспалардың алдын алуда антиадгезионды барьерлер кеңінен насихатталуда. Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, адгезия түзілуін тежеу ішек анастомоздарының жазылуына кері әсерін тигізбейді. Ал анастомоздардың дұрыс жазылмауы іш қуысында антиадгезионды барьерлердің болуына қарамастан жабыспалардың түзілуіне алып келеді. Ұсынылып отырған шолуда іш қуысы мүшелері жабыспаларының патофизиологиясы және алдын алу туралы тыңдеректер келтірілген.
Item Type: | Article |
---|---|
Uncontrolled Keywords: | перитонеальді жасбыспалар, лапароскопия, ауру сезімі, антиадгезионды барьерлер, биоэлектрлік стимуляция |
Subjects: | R Medicine > RD Surgery |
Divisions: | Научно-практический журнал "Вестник КазНМУ" > Выпуск №4 2016 год |
Depositing User: | Mr Askhat Zhakaev |
Date Deposited: | 01 Jul 2019 11:44 |
Last Modified: | 01 Jul 2019 11:44 |
URI: | http://repository.kaznmu.kz/id/eprint/15549 |
Actions (login required)
View Item |