ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЗИЯНДЫ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ АУРУЛАРЫН ТАЛДАУ

Букунова, А.Ш. (2019) ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЗИЯНДЫ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ АУРУЛАРЫН ТАЛДАУ. Scientific-Practical Journal of Medicine, "Vestnik KazNMU" (1). ISSN 2524 - 0692

[img] Text
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЗИЯНДЫ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ АУРУЛАРЫН ТАЛДАУ.pdf

Download (531kB)
Official URL: https://kaznmu.kz/press

Abstract

Мақалада Шығыс Қазақстан өңірінде ҚР ДСМ «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторингтік ғылыми-тәжірбиелік орталық» мәліметтері бойынша облыстың аудандары мен қалалардағы кәсіби аурулар құрылымының талдауы жасалған. Тұрғындар денсаулығы елдің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының көрінісі, қуатты экономикалық, еңбектік, қорғаныс және мәдени әлеуеті ретінде қоғамның дамуының маңызды индикаторы болып табылады. Жұмыстың негізгі мақсаты облыс көлемінде жұмыс істейтін тұрғындар денсаулығын бағалау, кәсіби аурумен аурушаңдықты аудан, қала көлемінде ғана емес, сонымен бірге кәсіпорындар бойынша талдау жасау, кәсіби аурушаңдықты зардап шеккендердің анықталуы бойынша орналастыру. Атқарылған жұмыстың іс жүзіндегі маңыздылығы жұмысшылардың аурушаңдығының негізгі себептерін анықтап, олардың алдын алу шараларын әзірлеуге негізделген. Зерттеу әдістемесінің негізіне гигиеналық, эпидемиологиялық, статистикалық әдістер жатады. Жүргізілген талдаудың құндылығы кәсіби аурушаңдықтың динамикасын себептік факторына байланысты анықтауында, экономиканың саласы бойынша және зиянды еңбек жағдайында зардап шеккендердің жұмыс өтілі бойынша қарастырып және осылардың арасындағы байланысты анықтауда. Талдау барысында кәсіби патологияның жоғарғы деңгейінің негізгі себептері, басым нозологиялық құрылымы, еңбек өтіліне байланыстылығы анықталып, оларды төмендету бойынша ұсыныстар берілді.

Item Type: Article
Uncontrolled Keywords: кәсіби аурулар, жұмысшылар, жұмыс істейтін тұрғындар, еңбек жағдайы, аурушаңдық деңгейі.
Subjects: R Medicine > RA Public aspects of medicine > RA0421 Public health. Hygiene. Preventive Medicine
Divisions: Научно-практический журнал "Вестник КазНМУ" > Выпуск №4 2016 год
Depositing User: Mr Askhat Zhakaev
Date Deposited: 04 Jul 2019 10:20
Last Modified: 04 Jul 2019 10:20
URI: http://repository.kaznmu.kz/id/eprint/15575

Actions (login required)

View Item View Item