СЕМІЗДІК ҚАТЕРЛІ ІСІК ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ (ӘДЕБИ ШОЛУ)

Мещанов, Ғ.Т. and Адилбек, А. СЕМІЗДІК ҚАТЕРЛІ ІСІК ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ (ӘДЕБИ ШОЛУ). Scientific-Practical Journal of Medicine, "Vestnik KazNMU". ISSN 2524 - 0692

[img] Text
СЕМІЗДІК ҚАТЕРЛІ ІСІК ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ.pdf

Download (570kB)
Official URL: https://kaznmu.kz/press

Abstract

Өзектілігі: Семіздік қатерлі ісік дамуын қоса алғанда, бірнеше созылмалы аурулардың даму қаупін арттыратын маңызды проблема болып табылады. Шолуда эпидемиология бойынша соңғы мәліметтер берілген және семіздік қатерлі ісік дамуының негізгі факторы ретінде сипатталған. Қысқа мәліметтер негізінде салмақтың өзгеруі мен абдоминалды семіздіктің қатерлі ісік жасушаларына әсер ететін сезімталдығы жайлы жазылған. Жұмыстың мақсаты: Этиология бойынша әдеби деректерге шолу жасау және семіздікті қатерлі ісік дамуының бір факторы ретінде көрсету. Іздеу стратегиясы: PubMed, CochraneLibrary, Medscape (Medline), ResearchGate және CyberLeninka электрондық кітапханасындағы мәліметтер базасы мен web-ресурстарындағы ғылыми жарияланымдарды іздеу және талдау жүргізілді. Шолуға дәлелді медицина шеңберінде олардың маңыздылығына сәйкес көздер енгізілді: үлкен популяциялардағы рандомизацияланған және когорттық зерттеулер туралы есептер; мета-талдаулар және жүйелі шолулар. "Кейс-репорт" форматындағы мақалалар, баяндамалар түйіндемелері, жеке хабарламалар және газет басылымдары алынып тасталды. Барлығы 25 жарияланым талданды, оның 11-і осы шолуға енгізілді. Нәтижесі: Семіздік кезінде канцерогенезге тартылған ықтимал факторлар: антропометрикалық параметрлер, өмір сүру салтының факторлары, тұқым қуалаушылық және биологиялық механизмдер. Антропометриялық параметрлер мен өмір салты факторлары семіздік пен қатерлі ісіктің жоғары қаупі арасындағы қауымдастықтарға жауапты, олар канцерогенезге кіретін түрлі биологиялық механизмдерді белсендіреді. Қорытынды: Семіздік барлық қатерлі ісіктердің шамамен 20% себебі болып табылады, бірақ оның әсері жынысы мен орнына байланысты. Семіздік пен қатерлі ісік дамуының неғұрлым жоғары қаупі арасындағы байланыс негізінен антропометриялық параметрлермен және түрлі биологиялық механизмдерді белсендіретін өмір сүру салтының факторларымен байланысты. Қазір дене салмағының ұлғаюынан немесе азаюынан аулақ болу қатерлі ісіктің даму қаупін айтарлықтай төмендетеді деген нақты ғылыми көрсетілім жоқ; алайда ДСИ-мен 40,0-нан жоғары семіздік бар емделушілерді хирургиялық емдеу деректері осы бағытта жетекші болып табылады.

Item Type: Article
Uncontrolled Keywords: семіздік, дене салмағының индексі, қатерлі ісік аурулары, антропометриялық көрсеткіштер, абдоминалды семіздік
Subjects: R Medicine > RC Internal medicine > RC0254 Neoplasms. Tumors. Oncology (including Cancer)
Divisions: Научно-практический журнал "Вестник КазНМУ" > Выпуск №4 2016 год
Depositing User: Mr Askhat Zhakaev
Date Deposited: 25 Jan 2021 08:10
Last Modified: 25 Jan 2021 08:10
URI: http://repository.kaznmu.kz/id/eprint/15748

Actions (login required)

View Item View Item