Жұматаев, Д.Т. and Баймаханов, А.Н. and Нұрмақов, А.Ж. and Нұрмақов, Д.А. and Раимханов, А.Д. ЖЕДЕЛ ХОЛЕЦИСТИТТІҢ ХОЛЕДОХОЛИТИАЗБЕН БІРГЕ ҚОСАРЛАСУ МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ КӨЗҚАРАС (ӘДЕБИ ШОЛУ). Scientific-Practical Journal of Medicine, "Vestnik KazNMU". ISSN 2524 - 0692
Text
ЖЕДЕЛ ХОЛЕЦИСТИТТІҢ ХОЛЕДОХОЛИТИАЗБЕН БІРГЕ ҚОСАРЛАСУ .pdf Download (519kB) |
Abstract
Жедел холецистит пен холедохолитиаздың қосарласуы анықталған науқастарды емдеу тактикасы ургентті хирургияның осы күнге дейін шешімін таппаған мәселесі болып табылады [1]. Аталған санаттағы науқастарға шұғыл операция жасау барысында дамитын асқынулар жиілігі әлі де жоғары көрстекіште, ал ауыр дәрежедегі механикалық сарғаю жағдайында жасалған операциялар кезінде летальді көрсеткіш 4,5-9% дейін жетіп жығылады [2]. Жедел холецисттің холедохолитиазбен қосарласуы кезіндегі тактикалық қадамдар дүние жүзінде әлі күнге дейін қызу талқылауға түсіп келеді және әр елде қабылданған емдеу хаттамаларына сәйкес әр қилы болып келеді [3, 4, 5]. Тәжірибеде жиі кезеңдік тактиканы қолданады, яғни бірінші кезеңде бауырдан тыс өт жолдарына алдын ала декомпрессия жасалады - эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография эндоскопиялық папиллосфинктеротомиямен бірге (ЭРХПГ, ЭПСТ), кейін араға уақыт салып екінші кезең – радикалды оперативті шара лапароскопиялық холецистэктомия (ЛХЭ) жасалады [6]. Жалпы өт жолын декомпрессиялау әдісіне таңдау жасау және радикалды оперативті емді орындаулың оңтайлы уақыты – қазіргі уақытта өзекті мәселе болып табылады [7]. Осы жағдай кезіндегі емдеу тактикасы қатаң түрде индивидуалды болуы қажет, яғни пациенттің жалпы жағдайы, қосалқы аурулары, өт-тас ауруы кезінде дамыған асқыну ерекшелігі, холедохтағы тастардың көлемі, сонымен қатар мамандардың кәсіби дәрежесі мен медициналық ұйымның заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілу сапасы есепке алынуы тиіс.
Item Type: | Article |
---|---|
Uncontrolled Keywords: | жедел холецистит, холедохолитиаз, эндоскопиялық папиллосфинктеротомия, лапароскопиялық холецистэктомия. |
Subjects: | R Medicine > R Medicine (General) |
Divisions: | Научно-практический журнал "Вестник КазНМУ" > Выпуск №4 2016 год |
Depositing User: | Mr Askhat Zhakaev |
Date Deposited: | 26 Jan 2021 09:44 |
Last Modified: | 26 Jan 2021 09:44 |
URI: | http://repository.kaznmu.kz/id/eprint/15872 |
Actions (login required)
View Item |