ГИПОКСИЯЛЫҚ КАМЕРАДА ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ ТЫНЫС АЛУ, ЖҮРЕК - ҚАН ТАМЫРЛАРЫ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТІНЕ ӘСЕРІ

Қалекешов, А.М. and Маевская, В.И. and Аблайханова, Н.Т. and Орынбасар, Л.Е. and Хавалқайрат, О. and Мухитдинов, А.М. and Кожамжарова, А.С. ГИПОКСИЯЛЫҚ КАМЕРАДА ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ ТЫНЫС АЛУ, ЖҮРЕК - ҚАН ТАМЫРЛАРЫ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТІНЕ ӘСЕРІ. Scientific-Practical Journal of Medicine, "Vestnik KazNMU". ISSN 2524 - 0692

[img] Text
ГИПОКСИЯЛЫҚ КАМЕРАДА ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ ТЫНЫС АЛУ, .pdf

Download (539kB)
Official URL: https://kaznmu.kz/press

Abstract

Бұл мақалада гипоксиялық камерада жүргізілген жаттығулардың тыныс алу, жүрек-қантамырлары жүйесі қызметіне әсерін зерттеу бойынша мәліметтер келтірілген. Ағзаның функционалдық мүмкіндігін, иммунитетін және резистенттігін дәрі-дәрмексіз әдістермен арттыру мақсатымен гипоксиялық камерада арнайы интервалдық гипоксиялық жаттығулар жүргізілді. Гипоксиялық камерада жүргізілген жаттығулардың тыныс алу, жүрек-қантамыр жүйесіне әсерін зерттеу арқылы адам организмінің түрлі өзгерістерге жедел бейімделуін және жұмыс істеу қабілеттілігінің, физикалық жүктемелерге төзімділігінің артуын байқауға болады. PWC-170 тесті жалпы физикалық жұмысқа қабілеттілікті анықтауға арналған. Гипоксиялық жаттығудан кейін 25-35 жас аралығындағы жаттығушыларда бұл көрсеткіш айтарлықтай көтеріліп, гипоксияға бейімделудегі жоғары нәтижені көрсетіп отыр. Оттекті максималды тұтыну шамасы (ОМТ) организмнің жалпы жұмыс істеу қабілеттілігінің шамасын неғұрлым дәл көрсететін маңызды параметр болып табылады. Тәжірибеміздегі ОМТ көрсеткіші де гипоксиялық жаттығулардан кейін барлық жас деңгейінде шын мәнінде 7,9 пайызға дейін жоғарылап отыр. Жалпы спирометриялық тесттер бронх демікпесі мен өкпенің созылмалы обструктивті ауруын анықтау үшін қолданылатыны белгілі. Біздің жағдайымызда ӨТС көрсеткіші гипоксиялық жаттығулардан кейін жақсы нәтиже берді. Демек, тыныс алу, жүрек-қан тамырлары деңгейі қалыпты сыналушыларда гипоксиялық камерада жүргізілген жаттығулар оңтайлы өтіп организмнің бейімделу үдерісі тиімді қамтамасыз етіліп отыр. Мақала "Гипокситерапия сауықтыру орталығында басқарылатын мөлшерленген гипоксия әдісімен емдеу-алдын алу, оңалту қызметтерін көрсету және тыныс алу тренажерін өндіру" №0124-17-ГК коммерцияландыру жобасы аясында жазылды.

Item Type: Article
Uncontrolled Keywords: гипоксия, гипокситерапия, тыныс алу жүйесі, жүрек-қантамыр жүйесі, гипоксиялық камера, PWC-170.
Subjects: R Medicine > R Medicine (General)
Divisions: Научно-практический журнал "Вестник КазНМУ" > Выпуск №4 2016 год
Depositing User: Mr Askhat Zhakaev
Date Deposited: 02 Feb 2021 09:58
Last Modified: 02 Feb 2021 09:58
URI: http://repository.kaznmu.kz/id/eprint/16060

Actions (login required)

View Item View Item