Артық салмағы немесе семіздігі бар әйелдердегі жүктілік пен босану ағымының ерекшеліктері

Арипханова, А.С. and Арапатов, Е.А. and Рәш, А.Р. and Велахунова, А.Е. Артық салмағы немесе семіздігі бар әйелдердегі жүктілік пен босану ағымының ерекшеліктері. Scientific-Practical Journal of Medicine, "Vestnik KazNMU". ISSN 2524 - 0692

[img] Text
Артық салмағы немесе семіздігі бар әйелдердегі жүктілік пен.pdf

Download (996kB)
Official URL: https://kaznmu.kz/press

Abstract

Артық салмақ және семіздік деп денсаулыққа кері әсер ететін нормадан ауытқыған, артық май қорының жиналуы. Дене массасының индексі – семіздік пен артық салмақты классификациялау үшін жиі қолданылатын, салмақтың бойға қатынасы. Индекс килограммен өлшенген дене салмағының метрмен өлшенген бойдың квадратына қатынасымен есептелінеді (кг/м2). Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтауы бойынша дене массасының индексі 25 тен артық немесе тең болса – артық салмақ, ал дене массасының индексі 30 дан артық немесе тең болса – семіздік болып есептелінеді. Қазіргі кезеңдегі семіздік мәселесінің өзектілігі бұл аурудың таралуының күрт өсуімен және артық салмақтың түрлі аурулар қаупінің себебін құрауымен байланысты. Барша әлемде жеткіліксіз салмаққа қарағанда артық салмақ пен семіздік өлім-жітімге көбірек ұшыратады. Диабет ауруының – 44%, жүректің ишемиялық ауруының 23%, кейбір қатерлі ісік ауруларының 7-41% жағдайлары артық салмақ пен семіздік әсерінен туындаған. Бұл мақалада денсаулық мектебін өткізудің тиімділігі зерттеліп, науқастардың өз денсаулығына деген жауапкершіліктерін арттыра отырып, асқынулардың алдын алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар қарастырылады.

Item Type: Article
Uncontrolled Keywords: Артық салмақ, қауіп факторлары, денсаулық мектебі, жобалық оқыту
Subjects: R Medicine > RG Gynecology and obstetrics
Divisions: Научно-практический журнал "Вестник КазНМУ" > Выпуск №4 2016 год
Depositing User: Mr Askhat Zhakaev
Date Deposited: 10 Feb 2021 05:32
Last Modified: 10 Feb 2021 05:32
URI: http://repository.kaznmu.kz/id/eprint/16181

Actions (login required)

View Item View Item