ЖҮКТІ ЖАСӨСПІРІМДЕР: МӘСЕЛЕНІҢ ҚАЗІРГІ УАҚЫТТАҒЫ ЖАҒДАЙЫ

Мукашева, А.Б. and Шарипова, М.Ш. and Маханбеткулова, Д.Н. ЖҮКТІ ЖАСӨСПІРІМДЕР: МӘСЕЛЕНІҢ ҚАЗІРГІ УАҚЫТТАҒЫ ЖАҒДАЙЫ. Scientific-Practical Journal of Medicine, "Vestnik KazNMU". ISSN 2524 - 0692

[img] Text
ЖҮКТІ ЖАСӨСПІРІМДЕР МӘСЕЛЕНІҢ ҚАЗІРГІ УАҚЫТТАҒЫ ЖАҒДАЙЫ.pdf

Download (505kB)
Official URL: https://kaznmu.kz/press/

Abstract

Қазіргі уақытта тек Қазақстанды ғана емес, әлемдік қоғамдықты да мазалайтын статистикалық мәліметтердің бірі – ол жүкті жасөспірімдер санының жыл арта өсуі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәліметтері бойынша жыл сайын дамып келе жатқан елдерде 15-19 жас аралығындағы 12 миллион жасөспірімдер мен 15 жасқа дейін 777 мың жасөспірім қыздарда жүктілік түркеледі, ал осы жүктіліктің 5,6 миллионы жасанды түсікпен аяқталады. Сондықтан, жасөспірім қыздардың жүкті болуы тек медициналық тұрғыдан өзекті мәселе болып қана қоймай, популяцияға да кері әсерін тигізетін әлеуметтік маңызы бар сұрақтардың бірі болып табылады. Зерттеудің мақсаты. Жүкті жасөспірімдер мәселесінің Қазақстан және өзге елдердегі жағдайын, себептерін, алдын - алу жолдарын талқылап, баға беру. Оларға көрсетілетін медициналық және әлеуметтік көмек түрлерін талдау. Материалдар мен әдістер. Зерттеу мақсатына сәйкес өзге елдердегі және Қазақстандағы мақалалар, басқа да құжаттар мен есептік формалар деректері сараланып, жүкті жасөспірімдер бойынша мағлұматтар жиналды. Нәтижелер. Дамып келе жатқан елдерде жыл сайын 15-19 жас аралығындағы жасөспірім қыздардың 21 миллионында жүктілік тіркелсе, оның 12 миллионы босанумен аяқталады. Ал 77 мың босану 15 жасқа дейінгі жасөспірім қыздарда кездеседі. Статистикалық мәліметтер бойынша, бүкіл әлемде соңғы 20 жыл ішінде жасөспірімдер арасындағы туу көрсеткіші 11,6 % - ға төмендеген, бірақ жеке аймақтарды қарастырғанда көрсеткіштерде айырмашылықтар бар екені анықталды. Қорытындылар. Жүкті жасөспірімдер әлеуметтік маңызы зор қоғамдық мәселеле болып табылады. Өсіп келе жатқан ұрпақ денсаулығы «Қазақстан - 2050» стратегиясының міндеттерінің бірі ретінде анқыталған. Сондықтан, қоғам жүкті жасөспірімдер мен жас аналарға ерекше назар аударуға міндетті. Ерте жүктілікті болдырмау, репродуктивті денсаулық туралы сауаттылықты жоғарылату секілді тақырыптарды айту медициналық мамандармен қатар мектеп оқытушылары жүргізу тиіс. Бұл шараларға ата – аналар да белсенді ат салысуы керек.

Item Type: Article
Uncontrolled Keywords: жасөспірімдер, жүктілік, жасөспірім қыздар
Subjects: R Medicine > RA Public aspects of medicine > RA0421 Public health. Hygiene. Preventive Medicine
Divisions: Научно-практический журнал "Вестник КазНМУ" > Выпуск №4 2016 год
Depositing User: Mr Askhat Zhakaev
Date Deposited: 11 Feb 2021 04:17
Last Modified: 11 Feb 2021 04:17
URI: http://repository.kaznmu.kz/id/eprint/16215

Actions (login required)

View Item View Item