КУЛЬТУРАДАҒЫ НЕЙРОНДАРДЫҢ СПОНТАНДЫ СИНХРОНДЫ БЕЛСЕНДІЛІГІ(ССБ) РИТМОГЕНЕЗІНДЕГІ ЦИКЛДЫҚ НУКЛЕОТИДТЕРМЕН БАСҚАРЫЛАТЫН(HCN) КАНАЛДАРДЫҢ РОЛІН ЗЕРТТЕУ

Сейтқадыр, Қ.Ә. and Зинченко, В.П. and Тулеуханов, С.Т. КУЛЬТУРАДАҒЫ НЕЙРОНДАРДЫҢ СПОНТАНДЫ СИНХРОНДЫ БЕЛСЕНДІЛІГІ(ССБ) РИТМОГЕНЕЗІНДЕГІ ЦИКЛДЫҚ НУКЛЕОТИДТЕРМЕН БАСҚАРЫЛАТЫН(HCN) КАНАЛДАРДЫҢ РОЛІН ЗЕРТТЕУ. Scientific-Practical Journal of Medicine, "Vestnik KazNMU". ISSN 2524 - 0692

[img] Text
КУЛЬТУРАДАҒЫ НЕЙРОНДАРДЫҢ СПОНТАНДЫ СИНХРОНДЫ БЕЛСЕНДІЛІГІ(ССБ) РИТМОГЕНЕЗІНДЕГІ .pdf

Download (978kB)
Official URL: https://kaznmu.kz/press/

Abstract

Аталған мақалада культурадағы нейрондардың спонтанды синхронды белсенділігі (ССБ) ритмогенезінде циклдық нуклеотидтермен басқарылатын гиперполяризациялық-белсенденуші (HCN) каналдардың ролін зерттеу бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері келтірілген. Гиперқозу кезіндегі неврологиялық процесстердің механизмін анықтау және нейропатологиялық процесстерді болдырмау жолындағы мәселелерді шешу қажеттілігі аталған тақырыптың өзектілігін анықтайды. Аталған жұмыстың мақсатынейрондық желілердегі ССБ жиілігінің артуы жеке нейрондардағы кальций иондарының цитозолдағы концентрациясының([Са2+]i)базалдық деңгейінің өсуіне және артынша олардың өліміне алып келетінін, ал HCN каналдарының ингибиторлары импульс ұзақтығын азайтып, нейрондарды өлімнен сақтайтындығын көрсету болып табылады. Конфокальді сканерлеуші микроскопия және пэтч-кламп әдістері қолданылды. Тәжірибелік мәліметтерді өңдеу үшін мәліметтерді өңдеудің стандарттық әдістері қолданылды. HCN каналдарының спонтанды синхронды белсенділік (ССБ) ритмогенезінде және нейрондардың бекетаралық белсенділігі кезінде әрекет потенциалының жиілігі мен амплитудасының реттелуінде жетекші роль ойнайтындығы көрсетілген. Деполяризация жылдамдығы мен деңгейін арттыра отырып каналдар қоздырушы әсерге ие болып табылады. Каналдардың ингибиторлары Са2+ импульсінің ұзақтығын азайтады және нейрондар желісіндегі гиперқозуды бәсеңдетеді. Нейрондардың электрлік сигналдарының баяу деполяризация импульстарымен кодталу механизмі анықталған.

Item Type: Article
Uncontrolled Keywords: HCN каналдар, спонтанды синхронды белсенділік,ритмогенез, гиппокамп, гиперқозу
Subjects: R Medicine > RA Public aspects of medicine > RA0421 Public health. Hygiene. Preventive Medicine
Divisions: Научно-практический журнал "Вестник КазНМУ" > Выпуск №4 2016 год
Depositing User: Mr Askhat Zhakaev
Date Deposited: 11 Feb 2021 08:33
Last Modified: 11 Feb 2021 08:33
URI: http://repository.kaznmu.kz/id/eprint/16246

Actions (login required)

View Item View Item