ГИПЕРҚОЗУ КЕЗІНДЕГІ ГИППОКАМП НЕЙРОНДАРЫНЫҢ СПОНТАНДЫ БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ СИНХРОНДАЛУ ЖӘНЕ ДЕСИНХРОНДАЛУ МЕХАНИЗМДЕРІ

Сейтқадыр, Қ.Ә. and Зинченко, В.П. and Тулеуханов, С.Т. ГИПЕРҚОЗУ КЕЗІНДЕГІ ГИППОКАМП НЕЙРОНДАРЫНЫҢ СПОНТАНДЫ БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ СИНХРОНДАЛУ ЖӘНЕ ДЕСИНХРОНДАЛУ МЕХАНИЗМДЕРІ. Scientific-Practical Journal of Medicine, "Vestnik KazNMU". ISSN 2524 - 0692

[img] Text
ГИПЕРҚОЗУ КЕЗІНДЕГІ ГИППОКАМП НЕЙРОНДАРЫНЫҢ СПОНТАНДЫ БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ .pdf

Download (1MB)
Official URL: https://kaznmu.kz/press/

Abstract

Аталған мақалада шектен тыс қозу кезіндегі нейрондардың спонтанды синхронды белсенділігінің синхрондалу және десинхрондалу механизмдерін анықтау бойынша жұмыстардың нәтижелері келтірілген. Тақырыптың өзектілігі, біріншіден, спонтанды синхронды белсенділіктің нейрондық желінің дамуына қажеттілігіне, ал екінші тарапынан эпилепсия ұстамалары да гиперсинхрондалумен тікелей байланысты болуына негізделген. Аталған жұмыстың мақсаты гиппокамп нейрондарының синхрондалу және десинхрондалу механизмдерін анықтау және аталған процесстің маңызды тұстарын белгілеу болып табылады. Тәжірибелік жұмыстар Sprague Dawley тұқымына жататын егеуқұйрықтардың гиппокампының нейрондары мен астроциттарының аралас культураларына жүргізілді. Сондай-ақ, жұмыс барысында жасушаларды бояудың, алынған мәліметтерді тіркеудің және нәтижелерді статистикалық тіркеудің жалпыға ортақ қабылданған әдістері қолданылды. Са2+ импульстерінің десинхрондалуында үлкен рольді ГАМК(А) рецепторлары, Са2+-байланыстырушы ақуыздар мен Cl- иондарының градиенті ойнайтындығы анықталды. Алынған мәліметтер тежегіш нейрондар тип тармағының функционалдық белсенділігін басқарудың жаңа әдістерін жасауда, гиперқозу күйін тоқтатуға арналған эндогенді қорғаныс сигналдық жолдарын белсендіру мақсаттарында қолданылуы мүмкін.

Item Type: Article
Uncontrolled Keywords: эпилепсия, синхрондалу, десинхрондалу, спонтанды синхронды белсенділік, шектен тыс қозу, гиппокамп, гиперқозу
Subjects: R Medicine > RA Public aspects of medicine > RA0421 Public health. Hygiene. Preventive Medicine
Divisions: Научно-практический журнал "Вестник КазНМУ" > Выпуск №4 2016 год
Depositing User: Mr Askhat Zhakaev
Date Deposited: 11 Feb 2021 08:59
Last Modified: 11 Feb 2021 08:59
URI: http://repository.kaznmu.kz/id/eprint/16252

Actions (login required)

View Item View Item