БАЛҚАШ КӨЛІНДЕГІ ЖАСӨСПІРІМ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАЛЫҚ ТҮРЛЕРІНІҢ ГИСТОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫН ЗЕРТТЕУ

Тленшиева, А.М. and Шалахметова, Т.М. and Сутуева, Л.Р. БАЛҚАШ КӨЛІНДЕГІ ЖАСӨСПІРІМ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАЛЫҚ ТҮРЛЕРІНІҢ ГИСТОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫН ЗЕРТТЕУ. Scientific-Practical Journal of Medicine, "Vestnik KazNMU". ISSN 2524 - 0692

[img] Text
БАЛҚАШ КӨЛІНДЕГІ ЖАСӨСПІРІМ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАЛЫҚ ТҮРЛЕРІНІҢ .pdf

Download (817kB)
Official URL: https://kaznmu.kz/press/

Abstract

Балқаш көлі соңғы жылдары Қазақстандағы ең ірі су қоймаларының бірі болып табылады. Ең ірі болуымен қатар, экологиялық проблемаларды бастан өткеруде яғни ластаушы заттардың тереңдігі мен ластануы жоғары деңгейге өсіп жатыр. Көлдің гидроэнергетикалық ресурстарының негізгі көзі - бұл бұрынғы судың 80% . Экологиялық проблемалар тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Қытайда да ауыл шаруашылығын және индустрияны күшейту нәтижесінде туындады. Суды бақыламау және өнеркәсіптік кәсіпорындардың ағынды суларын ағызу, көлдің деңгейінің төмендеуіне және көлдің ауыр металдармен, пестицидтермен, радионуклидтермен, мұнай өнімдерімен судың және шөгінділерінің ластануына әкелді. Судың ластануы балық қорларын, құстар мен сүтқоректілердің азаюының маңызды себептерінің бірі болып табылады, сондай-ақ аймақтағы тұрғындардың денсаулықтарының нашарлауына алып келеді. Тамақ тізбегінде ластанған судың арқасында ластауыштар гидробионттардың ағзасына түседі, содан кейін көлдің тіршілік иелерінің биоалуантүрлілігін азайтатын омыртқалы организмдерге енеді. Осыған байланысты, Балқаш көлінің әр түрлі аймақтарынан су мен шөгінділердің кәсіптік балықтарға интегралды экологиялық мониторинг жүргізу кезінде гистострктура әсерлерін зерттеу қажет. Бұл мақалада Балқаш көлінің Мыңарал және Үлкеншығанақтарынан алынғансазан (Cyprinus carpio) балығының гистологиялық құрылымы зерттелген.Сазанның висцералды органдарында келесідей құрылымдық өзгерістер анықталды: желбезегінде - атрофиялық және дистрофиялық процесстер, желбезек ламмелаларының эпителий қабатына және шеміршекке қанның құйылуы, клеткааралық кеңістіктердің кеңеюуі секілді өзгерістерге алып келді;Ішекте - Үлкен және Мыңарал шығанақтарынан алынған сазан балығының ішегінде ворсинкалардың деструкциясын, эпителийдің қатпарлануын және де эпителиалды жасушалардың дистрофиялық және некробиотикалық өзгеруін байқадық;Зерттеуге алынған балық бүйрегінде без ұлпалары қан плазмасымен сіңірілген және қан айналымының бұзылысы болды;Сазанның (Cyprinus carpio)зерттелген органдарының деструктивті үдерістердің сипатына қарай, Балқаш көлінің ең ластанған аймағыМыңарал шығанағы болып табылады.

Item Type: Article
Uncontrolled Keywords: Сазан (Cyprinus carpio),Балқаш көлі,экология,гистология
Subjects: R Medicine > RA Public aspects of medicine > RA0421 Public health. Hygiene. Preventive Medicine
Divisions: Научно-практический журнал "Вестник КазНМУ" > Выпуск №4 2016 год
Depositing User: Mr Askhat Zhakaev
Date Deposited: 11 Feb 2021 09:02
Last Modified: 11 Feb 2021 09:02
URI: http://repository.kaznmu.kz/id/eprint/16254

Actions (login required)

View Item View Item