МЕЙІРГЕР ІСІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Оразбакова, Г.О. and Мұратова, Р.Р. МЕЙІРГЕР ІСІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ. Scientific-Practical Journal of Medicine, "Vestnik KazNMU". ISSN 2524 - 0692

[img] Text
МЕЙІРГЕР ІСІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ.pdf

Download (495kB)
Official URL: https://kaznmu.kz/press/

Abstract

Мейіргер ісі саласындағы зерттеулер шынайы, ғылыми негізделген деректерді алу әдісі. Біз өз кәсіби қызметімізді осы әдіспен жоғары деңгейде дамыта аламыз. Егер біздің мамандық бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілмесе, біз қойылған мақсатқа қол жеткізе алмаймыз, мәселелерді шеше алмаймыз және мейіргер ісін дамыту маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыра алмаймыз. Қазақстандағы мейіргер ісіндегі зерттеу тақырыбы бойынша ұсыныстар Delphi study арқылы 2019 жылы анықталды. Барлығы 168 қазақстандық денсаулық сақтау маманы біздің қызметіміздің әр түрлі салаларын ұсынған сұрақтарға жауап берді. Жүргізілген зерттеу негізінде бірнеше маңызды бағыттар анықталды: 1. Ауыр жағдайдағы науқастарға шұғыл медициналық көмек көрсету. 2. Жүрек қан-тамыр аурулары кезіндегі наұқастарға күтім. 3.Онкологиялық мейіргер міндеттерін қарастыру. 4. Кадрлық ресурстарды тиімді пайдалануға оқыту. 5. Мейіргер ісіне жаңа технологияларды енгізу. Респонденттердің көпшілігі Қазақстанда бұл бағыттар жедел зерттеуді қажет етеді деп санайды. Респонденттердің жартысынан астамы мейіргерлердің білімін шұғыл зерттеуге арналған тақырып ретінде бағалады. Сонымен қатар, респонденттердің үштен екісі екі жыл бойы мейіргер ісінің сапасын арттыру, кәсіби даму, денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алу мәселелері мейіргерлік қызмет саласындағы зерттеулер аясында зерттелетін тақырып болып табылады деген пікір білдірді. ProInCa жобасының мақсаттарының бірі медициналық университеттерде ғылыми зерттеулер бағдарламасын дамыту болып табылады. Мейіргерлік қызметте жүргізілетін ғылыми зерттеулер- бұл білім беру саласына қатысты клиникалық, басқарушылық мәселелерді анықтауға болатын бір жүйелі процесс. Соңғы жылдары Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарында студенттердің мейіргер ісіндегі бакалавр және магистратура деңгейінде жүзеге асырылды. Мейіргер ісіндегі студенттік зерттеу тақырыптарының арасында Қазақстандағы мейіргерлік істің ағымдағы дамуы, алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде мейіргерлердің міндеттерін анықтау, оңалту кезеңіндегі мейіргерлік іс, сондай-ақ пациенттерді өзіне-өзі қызмет көрсетуге қолдау көрсету және оқыту сияқты өзекті бағыттар бар. Олар проблемалық жағдайларды шешу үшін жаңа ақпарат алуға тырысады. Мейіргер ісіндегі ғылыми зерттеулер жүргізудің басты мақсаты, әрине, оның дамуы, теориялық және клиникалық сапасын арттыру.[1]

Item Type: Article
Uncontrolled Keywords: мейіргер ісі, ғылыми зерттеулер, мейіргер ғылымы, мейіргер ісіндегі ғылыми зерттеулер.
Subjects: R Medicine > RA Public aspects of medicine > RA0421 Public health. Hygiene. Preventive Medicine
Divisions: Научно-практический журнал "Вестник КазНМУ" > Выпуск №4 2016 год
Depositing User: Mr Askhat Zhakaev
Date Deposited: 16 Feb 2021 02:51
Last Modified: 16 Feb 2021 02:51
URI: http://repository.kaznmu.kz/id/eprint/16305

Actions (login required)

View Item View Item