АРАЛ МАҢЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ГУМОРАЛЬДЫ ИММУНИТЕТ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАҒДАРЫСТЫҢ ӘСЕР ЕТУІ

Ахметова, Н.Ш. and Газалиева, М.А. and Сексенова, Л.Ш. and Абдикаликова, Д.Р. and Әбуова, Г.Т. and Кошкарбаева, Б.С. and Дедова, О.Ю. and Мендибай, С.Т. and Бекмухамбетова, М.Е. АРАЛ МАҢЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ГУМОРАЛЬДЫ ИММУНИТЕТ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАҒДАРЫСТЫҢ ӘСЕР ЕТУІ. Scientific-Practical Journal of Medicine, "Vestnik KazNMU". ISSN 2524 - 0692

[img] Text
АРАЛ МАҢЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ГУМОРАЛЬДЫ ИММУНИТЕТ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАҒДАРЫСТЫҢ ӘСЕР ЕТУІ.pdf

Download (451kB)
Official URL: https://kaznmu.kz/press

Abstract

Зерттеудің мақсаты. Біз экологиялық қолайсыз аймақта Арал маңында тұратын тұрғындардың гуморальды иммундық жағдайының көрсеткіштерін зерттедік. Бұл үшін біз Арал теңізінің зерттелген аймақтарындағы экологиялық апат, экологиялық дағдарыс және экологиялық дағдарыс алды аймақтарын анықтадық; жекелеген аймақтардағы ауруларға талдау жасап, Арал маңы тұрғындарының гуморальдық иммунитетінің көрсеткіштеріне баға бердік. Тексерілуге жынысы, жасы және тұратын жері бойынша бөлінген 18 бен 49 жас аралығындағы 100 әйел мен 100 ер адам, жалпы 200 адам алынды. Материалдар мен әдістері. Зерттеудің жалпы клиникалық, иммунологиялық және статистикалық әдістері қолданылды: гемоглобинді анықтайтын жалпы қан анализі, лейкоциттер мен лейкоциттердің жалпы саны, иммуноферменттік талдау (ИФТ): хромогендік иммуноферменттік талдауға арналған жиынтық (AлкорБио) Ресейде өндірілген және иммуноферменттік талдау (ИФТ) - роботты станциялары Evolis және Tecan; өндірушінің бақылау материалдары қолданылды. Материалды статистикалық өңдеу үшін Стьюдент әдісі бойынша вариациялық статистикасы орташа қателіктің ±m, мәнін есептеу кезінде қолданылды және орташа көрсеткіштердің айырмашылығы үшін сенімділік критерийі t анықталды, p> 0.05. Барлық зертханалық әдістер Қарағанды медицина университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы ғылыми-зерттеу орталығының ортақ зертханасында өз қондырғыларында жүргізілді. Қорытынды. Арал маңы аймағындағы әйелдер мен ер адамдарда әр түрлі жастағы E, M, A, G кластарының иммуноглобулиндерінің мөлшерін анықтау айтарлықтай айырмашылықтардың бар екенін көрсетті: экологиялық дағдарыс аймағындағы әйелдерде барлық төрт кластағы иммуноглобулиндердің көрсеткіштерінің төмен екендігін, осы аймақтағы ерлерде Ig E, M және G көрсеткіштер санының айтарлықтай төмен екенін көрсетті. Жалпы алғанда, осы аймақтың әйелдерде де, ерлерінде де экологиялық дағдарыс жағдайындағылармен салыстырғанда иммуноглобулиндер көрсеткіштерінің саны едәуір төмен екендігі анықталды.

Item Type: Article
Uncontrolled Keywords: Арал маңы, аймақтарындағы экологиялық апат, гуморальдық иммунитет
Subjects: R Medicine > RA Public aspects of medicine > RA0421 Public health. Hygiene. Preventive Medicine
Divisions: Научно-практический журнал "Вестник КазНМУ" > Выпуск №4 2016 год
Depositing User: Mr Askhat Zhakaev
Date Deposited: 16 Feb 2021 09:57
Last Modified: 16 Feb 2021 09:57
URI: http://repository.kaznmu.kz/id/eprint/16357

Actions (login required)

View Item View Item