АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨСІМДІК ЖАМЫЛҒЫСЫНДА КЕЗДЕСЕТІН CRATAEGUS ТУЫСЫНЫҢ (ROSACEAE ТҰҚЫМДАСЫ) КЕЙБІР ТҮРЛЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мамурова, А.Т. and Темірбай, А.Ж. and Ахтаева, Н.З. and Ахметова, А.Б. and Киекбаева, Л.Н. and Бекбаева, Л.К. and Сейлхан, А.С. and Осмонали, Б.Б. and Анарбек, А.А. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨСІМДІК ЖАМЫЛҒЫСЫНДА КЕЗДЕСЕТІН CRATAEGUS ТУЫСЫНЫҢ (ROSACEAE ТҰҚЫМДАСЫ) КЕЙБІР ТҮРЛЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Scientific-Practical Journal of Medicine, "Vestnik KazNMU". ISSN 2524 - 0692

[img] Text
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨСІМДІК ЖАМЫЛҒЫСЫНДА КЕЗДЕСЕТІН CRATAEGUS ТУЫСЫНЫҢ (ROSACEAE ТҰҚЫМДАСЫ) КЕЙБІР ТҮРЛЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.pdf

Download (965kB)
Official URL: https://kaznmu.kz/press

Abstract

Қазіргі уақытта әртүрлі ауруларды емдеу және алдын-алу үшін фитопрепараттарды кеңінен қолдану үрдісі байқалады. Бұл шөптік дәрі-дәрмектер немесе фитопрепараттар, әдетте, жоғары терапиялық белсенділік пен салыстырмалы қауіпсіздікті біріктіретіндігіне байланысты. Қазақстанда өсімдіктердің 6 мыңға жуық түрі бар, олардың 300-ден астам түрлері пайдалы, дәрілік өсімдіктер. Республиканың кез-келген бөлігінде белгілі бір аймаққа тән құнды дәрілік өсімдіктерді табуға болады. Мысалы, Rosaceae тұқымдасына жататын дәрілік өсімдіктердің бірі - долана Қазақстанның таулы аймақтарында жиі кездеседі. Алматы облысының өсімдік жамылғысында кездесетін Crataegus туысының (Rosaceae тұқымдасы) Crataegus turkestanica Pojark. түрінің құрылыс ерекшеліктерін зерттеу мақсатына сәйкес қойылған міндеттер бойынша нәтижелер алынды. Долана – Қазақстанның таулы аймақтарында жиі кездеседі. Раушан гүлділер тұқымдасына жатады. Табиғатта мыңнан астам түрі болғанымен, оның 200-ге жуығы ғана кең таралған. Crataegus turkestanica Pojark. - бұта немесе кішкентай ағаш. Долана құрамы күрделі және әртүрлі. Негізінде флавоноидтар мен полифенолдардың болуына байланысты мүмкіндігінше пайдалы деп саналады. Химиялық құрамының ерекшеліктеріне байланысты, болашақта Crataegus turkestanica Pojark. жемістерін биологиялық белсенді қосымша ретінде пайдалануға болады.

Item Type: Article
Uncontrolled Keywords: Алматы облысы, өсімдік жамылғысы, Crataegus turkestanica, морфологиялық ерекшеліктері, химилялық құрамы
Subjects: R Medicine > RS Pharmacy and materia medica
Divisions: Научно-практический журнал "Вестник КазНМУ" > Выпуск №4 2016 год
Depositing User: Mr Askhat Zhakaev
Date Deposited: 08 Apr 2021 10:20
Last Modified: 08 Apr 2021 10:20
URI: http://repository.kaznmu.kz/id/eprint/16505

Actions (login required)

View Item View Item