МЕНОПАУЗА КЕЗІНДЕГІ ЖАТЫР МИОМАСЫНЫҢ АҒЫМЫ

Кошенова, Л.Б. and Сабырділда, Ж.С. and Байболат, А.С. and Алашбек, Ж.Қ. and Ендалов, Д.С. МЕНОПАУЗА КЕЗІНДЕГІ ЖАТЫР МИОМАСЫНЫҢ АҒЫМЫ. Scientific-Practical Journal of Medicine, "Vestnik KazNMU". ISSN 2524 - 0692

[img] Text
Вестник КазНМУ 1-2022 30.05-64-70.pdf

Download (1MB)
Official URL: https://kaznmu.edu.kz/press/

Abstract

Жатыр миомасы(UFs) - гонодатропты гормондардың әсер етуімен мезенхималды бағаналы жасушалардың бірінің генетикалық өзгерісімен туындайтын қатерлі емес ісік. Қазіргі таңдағы стратегия бойынша жатыр миомасын емдеудің негізгі әдісі хирургиялық араласулар болып табылады, бірақ емдеудің түрлерін таңдау бірнеше факторға байланысты: пациенттің жасына, фертильді қабілетін сақтауға, жатырды сақтап қалуға, миоманың топографиясы мен өлшеміне. Хирургиялық емдеудің түрлеріне миомэктомия ( гистероскопиялық, лапароскопиялық, минилапаротомиялық, лапоратомиялық) және гистерэктомия, жатыр артериясының эмболизациясы жатады[1]. Сонымен қатар, хирургиялық емдеумен қоса, жатыр миомасын медикаментозды емдеу де (гормонды алмастырушы терапия) жиі қолданылады. Оларға: прогестагендерді, антифибринолитиктерді, ҚҚСЕП, прогестеронды рецепторлардың селективті модуляторлары, гонадотропин-рилизинг-гормон аналогы жатады[2]. Ретроспективті зерттеу әдісі арқылы Алматы қаласындағы поликлиниканың бірінде жатыр лейомиомасы диагнозы(2013-2019 жж.) қойылған, менопауза жасындағы 70 әйелге зерттеу жүргізілді.

Item Type: Article
Uncontrolled Keywords: менопауза жасындағы әйелдер, жатыр миомасы, миомэктомия, гормонды алмастырушы терапия
Subjects: R Medicine > RG Gynecology and obstetrics
Divisions: Научно-практический журнал "Вестник КазНМУ" > Выпуск №4 2016 год
Depositing User: Mr Askhat Zhakaev
Date Deposited: 08 Jun 2022 03:35
Last Modified: 08 Jun 2022 03:35
URI: http://repository.kaznmu.kz/id/eprint/16545

Actions (login required)

View Item View Item