УРОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ АРАСЫНДА УРОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК САПАСЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ (ӘДЕБИЕТ ШОЛУ)

Курманбеков, Т.К. and Тогузбаева, К.К. and Тажиева, А.Е. УРОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ АРАСЫНДА УРОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК САПАСЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ (ӘДЕБИЕТ ШОЛУ). Scientific-Practical Journal of Medicine, "Vestnik KazNMU". ISSN 2524 - 0692

[img] Text
Вестник КазНМУ 1-2022 30.05-445-453.pdf

Download (820kB)
Official URL: https://kaznmu.edu.kz/press/

Abstract

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша экономикалық дамыған елдердегі тұрғындарының өлім-жітім құрылымындағы негізгі бір себеп: несеп-жыныс жүйесінің аурулары. Бұл ауру барлық аурулар арасынан 7-орынды алады. Және де өлімнің барлық себептерінің 2,5-3%-ын құрап отыр. Бұл ауру барлық жас аралығындағы адамдар тобында, әсіресе жастар арасында жоғары болып отыр (бұл науқастардың орташа жасы 40 жастан аспайды). Сонымен қатар, еңбекке қабілетті халықтың едәуір бөлігінің уақытша еңбекке жарамсыздығы мен мүгедектігін тудырады және осылайша елге орасан зор экономикалық зиян келтірді [1]. ҚР ресми статистика деректері бойынша ересек халқының несеп-жыныс жүйесі ауруларымен жалпы сырқаттануы 100 мың тұрғынға шаққанда 2016 жылы 8784,8 жағдайдан 7625,7 жағдайға дейін төмендеді. Сонымен қатар, 100 мың тұрғынға шаққанда 8830,2 жағдай ең елеулі өсім 2018 жылы байқалады [2]. Зерттеудің мақсаты: Урологиялық аурулардың эпидемиологиясы мен Қазақстан Республикасының ауыл тұрғындары арасында урологиялық көмек көрсету сапасын арттыру жолдарын зерделеу және зерттеу. Іздеу стратегиясы. Басты мәселелерді ашу мақсатында мақалалар келесі ғылыми басылымдар мен мамандандырылған іздеу жүйелерінің дерекқорлары арқылы зерттелді: PubMed, Google Scholar, Cochrane Library, Web of Science, Scopus, сондай-ақ Алматы қ. Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ғылыми кітапханасы, "ҚДСЖМ" Қазақстандық медицина университетінің кітапханасы. Амбулаториялық- емханалық және стационарлық жағдайларда урологиялық көмек көрсетуге қатысты нормативтік-заңнамалық құжаттар, отандық және шетелдік авторлардың диссертациялары зерттелді. Әдебиетті іздеу тереңдігі 10 жылды құрады (2010-2021 жж.). Ақпараттық іздеу түйінді сөздермен жүргізілді: ауыл медицинасы, телемедицина, урологиялық көмек, аурушаңдық, медициналық көмек кезеңі, алдын алу. Қосылу қағидаттары: А, В дәлелдемелердің жариялану деңгейі: мета талдаулар, жүйелі түрдегі шолулар, когорттық және көлденең зерттеулер. Алып тастау қағидаттары: қысқа хабарламалар түріндегі сарапшылардың пікірі, жарнамалық мақалалар, лекциялар, тезистер. Нәтижелері. Несеп-жыныс жүйесі аурулары (НЖА) өсуі денсаулық сақтау жүйесінде жан-жақты шешім қабылдауды талап етеді. Барлық деңгейдегі уролог дәрігерлердің біліктілігін арттырудан бастап, аурулардың дамуы туралы жоғары хабардар болуына дейін. Ауылдық жерлердегі тұрғындар арасында урологиялық көмек көрсету жүйесін ұйымдастыру тәжірибесі жергілікті урологиялық қызметтің бір бөлігі болып табылады және де жалпы қағидаттар негізінде құрылады. Алайда, ауыл халқы арасында мамандандырылған урологиялық көмек көрсетудің ұйымдастырушылық негіздері, ауыл халқының қоныстандырудың өзіндік жүйесінен, халықтың тығыздығының төмендігінен, елді мекендердің едәуір бөлігінің бір-бірінен алшақтығынан және басқа себептерден туындаған өзіндік сипаттамаларға ие болып отыр. Қорытынды. ҚР ауылдық жерлердегі тұрғындар арасында урологиялық көмектің кезеңдік жүйесін енгізу, медициналық көмекті барынша жаңа сапа деңгейіне көшіруге және көмек көрсету кезінде "жүгіну бойынша" қағидатынан "анықтау бойынша" қағидатына көшуіне мүмкіндік береді. Осы жоспарлы медициналық көмекті іске асыру, тиісінше әрбір нақты көмек түріне арналған мемлекеттік тапсырманы нақты жоспарлаумен медициналық көмекке арналған шығыстарды жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл денсаулық сақтау саласындағы қаржыны ұтымды пайдалануға әкеледі. Мамандандырылған және жоғары технологиялық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттырады.

Item Type: Article
Uncontrolled Keywords: урологиялық аурулар, ауыл медицинасы, урологиялық көмек
Subjects: R Medicine > RA Public aspects of medicine > RA0421 Public health. Hygiene. Preventive Medicine
Divisions: Научно-практический журнал "Вестник КазНМУ" > Выпуск №4 2016 год
Depositing User: Mr Askhat Zhakaev
Date Deposited: 10 Jun 2022 04:15
Last Modified: 10 Jun 2022 04:15
URI: http://repository.kaznmu.kz/id/eprint/16604

Actions (login required)

View Item View Item