АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА ЖӘНЕ АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА ҚАНТ ДИАБЕТІ АУРУШАҢДЫҒЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫ

Тажбенова, С.Т. and Ермуханова, Л.С. and Артыкбаева, М.А. and Абдикадирова, И.Т. and Курганбекова, М.Б. and Таушанова, М.К. АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА ЖӘНЕ АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА ҚАНТ ДИАБЕТІ АУРУШАҢДЫҒЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫ. Scientific-Practical Journal of Medicine, "Vestnik KazNMU". ISSN 2524 - 0692

[img] Text
Вестник КазНМУ 1-2022 30.05-558-564.pdf

Download (916kB)
Official URL: https://kaznmu.edu.kz/press/

Abstract

Зерттеудің өзектілігі. Бүкіл әлемде созылмалы инфекциялық емес аурулардың ішінде кең таралғаны қант диабеті. Қант диабеті соңғы жылдары әлеуметтік маңызды ауру ретінде ғана емес, медициналық-әлеуметтік мәселе ретінде де қарастырылуда. Қант диабетінің кең таралуы айтарлықтай асқынуларға, мерзімінен бұрын болатын өлім-жітім мен мүгедектіктің басты себебі болуына, соның ішінде: медициналық, әлеуметтік, сондай ақ экономикалық шығындарға әкеліп соқтырады. Зерттеудің мақсаты: 2015-2019 жж. аралығындағы Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласы тұрғындарының қант диабетімен аурушаңдық динамикасын зерттеу. Зерттеу материалы мен әдістері. Ақтөбе облысының және Ақтөбе қаласының 2015-2019 жылдар аралығындағы қант диабетінен біріншілік аурушаңдық, жастық ерекшеліктері бойынша ересектер, жасөспірімдер және балалар арасындағы біріншілік аурушаңдық көрсеткіштеріне ретроспективті талдау жүргізілді. Зерттеу әдістері: ретроспективті, ақпараттық-аналитикалық, статистикалық әдістер (орта және салыстырмалы шамаларды есептеу, динамикалық қатар құру). Зерттеу нәтижелері. Ақтөбе облысында 2015-2019 зерттеу жылдары аралығында қант диабеті бойынша біріншілік аурушаңдықтың өсу қарқыны Төсу=7,8% құрады, ал Ақтөбе қаласында бұл көрсеткіш Төсу=6,9%-ға жетті. 2015-2019 зерттеу жылдары аралығында Ақтөбе облысында қант диабетімен ересектер арасындағы біріншілік аурушаңдық бойынша Төсу=8,6%-ға жоғарылағанын көрсетті. Ал Ақтөбе қаласында қант диабетімен ересектер арасында біріншілік аурушаңдық бойынша Төсу=7,7%-ға жоғарылағаны анықталды. Қорытынды. Зерттеудің нәтижесінде 2015-2019 жылдар аралығында Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласы бойынша қант диабетімен біріншілік аурушаңдық жыл сайын артып жатқаны анықталды.

Item Type: Article
Uncontrolled Keywords: қант диабеті, біріншілік аурушаңдық, қант диабетінен болатын өлім себебі
Subjects: R Medicine > RA Public aspects of medicine > RA0421 Public health. Hygiene. Preventive Medicine
Divisions: Научно-практический журнал "Вестник КазНМУ" > Выпуск №4 2016 год
Depositing User: Mr Askhat Zhakaev
Date Deposited: 10 Jun 2022 05:42
Last Modified: 10 Jun 2022 05:42
URI: http://repository.kaznmu.kz/id/eprint/16620

Actions (login required)

View Item View Item