ЖҮРЕКШЕЛІК ФИБРИЛЛЯЦИЯСЫ БАР НАУҚАСТАРДЫҢ ӨМІР СҮРУІН БАҒАЛАУ

Абилдаева, А.Д. and Оразбек, А.О. and Ибраимова, А.Б. and Аймаханова, Г.Т. ЖҮРЕКШЕЛІК ФИБРИЛЛЯЦИЯСЫ БАР НАУҚАСТАРДЫҢ ӨМІР СҮРУІН БАҒАЛАУ. Scientific-Practical Journal of Medicine, "Vestnik KazNMU". ISSN 2524 - 0692

[img] Text
ЖҮРЕКШЕЛІК ФИБРИЛЛЯЦИЯСЫ БАР НАУҚАСТАРДЫҢ ӨМІР СҮРУІН БАҒАЛАУ.pdf

Download (372kB)
Official URL: https://kaznmu.kz/press

Abstract

Жүрекшелік фибрилляция (ЖФ) –ең кең тараған ритім бұзылысы болып табылады, оның жиілігі жас ұлғайған сайын өсіп отырады, 80 жастан жоғары адамдарда кездесу жиілігі 15%-ды құрайды. Жүрекшелік фибрилляция өлім жиілігіне ,тромбоэмболиялық асқынуларға, жүрек жеткіліксіздігіне алып келеді, сонымен қатар өмір сүру жағдайын төмендетеді. Мақалада Жүрекшелік фибрилляциясы бар және фибрилляциясы жоқ науқастарды жастық, жыныс, қосымша аурулары бойынша, қандай науқастарда асқыну көп болатындығын, сонымен қатар қандай емнің нәтижесі жақсы көрсеткішке алып келетінін зерттедік. Бірінші кезеңде 150 ауру тарихына ретроспективті анализ жүргізілді 2017 ж кардиология бөлімінде бақылауда болған ЖФ (жүрекшелік фибрилляциясы) бар 100 науқас және ЖФ жоқ 50 науқастың ауру тарихынан кездейсоқ таңдау әдісімен көшірмелер алынды. Науқастардың 48% -ы ер адамдар, 52 %-ы әйел адамдар болды, орташа жас 78 жас ( нақты мәлімет бойынша 68-83 жас аралығы). Зерттеу 2 кезеңнен тұрды. 1-ші кезеңде негізгі және бақылау топтарын жас,жынысы, қосымша аурулары, сонымен қатар ритім бұзылыстарының жиілігі бойынша салыстырдық. 2- кезеңде емнің тиімділігін бағалау, аурудың асқыну (өлім, ИМ,БМҚЖБ/ТИШ) жиілігін бақыладық. Зерттеуге стационарда ем алған және емханада тіркелген науқастар алынды. Екінші кезеңде науқастардың келесі медициналық құжаттарына талдау жүргізілді.( амбулаторлы карталар,кейінгі госпитализациялау көшірмелері). 2017-2019 жыл аралығында осы науқастарды бақыладық. Деректерді статистикалық талдау Excel бағдарламасын қолдану арқылы жүргізілді.

Item Type: Article
Uncontrolled Keywords: жүрекшелік фибрилляция,инфаркт миокарда, жедел ми қанайналым бұзылысы
Subjects: R Medicine > R Medicine (General)
Divisions: Научно-практический журнал "Вестник КазНМУ" > Выпуск №4 2016 год
Depositing User: Mr Askhat Zhakaev
Date Deposited: 10 Feb 2021 07:59
Last Modified: 10 Feb 2021 09:14
URI: http://repository.kaznmu.kz/id/eprint/16187

Actions (login required)

View Item View Item