№2 ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ АЛЛЕРГО-ПУЛЬМОНОЛОГИЯ БӨЛІМІНДЕ ЕМ ҚАБЫЛДАҒАН ӨСОА БАР НАУҚАСТАРДЫҢ ӨМІР САПАСЫН БАҒАЛАУ

Сахова, Б.О. and Искандирова, Э.Д. and Шагиева, Г.А. and Абралиева, Г.И. and Тен, С.В. №2 ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ АЛЛЕРГО-ПУЛЬМОНОЛОГИЯ БӨЛІМІНДЕ ЕМ ҚАБЫЛДАҒАН ӨСОА БАР НАУҚАСТАРДЫҢ ӨМІР САПАСЫН БАҒАЛАУ. Scientific-Practical Journal of Medicine, "Vestnik KazNMU". ISSN 2524 - 0692

[img] Text
№2 ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ АЛЛЕРГО-ПУЛЬМОНОЛОГИЯ БӨЛІМІНДЕ ЕМ ҚАБЫЛДАҒАН ӨСОА БАР НАУҚАСТАРДЫҢ ӨМІР САПАСЫН БАҒАЛАУ.pdf

Download (539kB)
Official URL: https://kaznmu.kz/press

Abstract

Мақалада 2020 жылдың 8 айында аллерго-пульмонология бөлімінде ӨСОА емделген науқастардың өмір сапасын SF-36 және САТ сауалнамалары арқылы бағалау келтірілген. ӨСОА – бронх өткізгіштігінің жартылай қайтымды бұзылысымен сипатталатын ауру. Көптеген ғалымдардың пікірінше статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, бронх өкпе жүйесінің ауруларымен, әсіресе ӨСОА аурушаңдық деңгейі жоғары. Дегенмен, көптеген науқастар аурудың ерте сатыларында дәрігерге қаралу деңгейі төмен. Өйткені, ӨСОА жеңіл барысында науқастарды үйреншікті жөтел, болмашы ентігу мазалайды, ол өз кезегінде науқастардың өз денсаулықтарына деген қате пікірін тудырады. Сондықтан көпшілік жағдайда, әсіресе ірі өндірістік мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлер ӨСОА орта және ауыр дәрежелерінде дәрігер көмегіне жүгінеді. Өкпенің вентиляциялық қызметін зерттеу барысында анықталатын жартылай қайтымды бронхтық обструкция – ӨСОА диагноздық стандарты болып табылады. Вентиляцияның бұзылысы әдетте үдемелі сипатқа ие және өкпенің патогенді газдар мен оның майда бөлшектеріне ерекше қабынулық жауабымен сипатталады. Өмір сапасын зерттеу барысында ӨСОА ауырлық дәрежесі артқан сайын науқастардың өз денсаулық статусын субьективті бағалауының төмендеуімен ассоцияцияланатыны анықталды. ӨСОА бар науқастарға жүргізілген сауалнама нәтижесінде науқастарға дәстүрлі емнен бөлек психофармакологиялық коррекция мен психотерапиялық әсер ету шараларын қосу қажеттігі туралы айтылған.

Item Type: Article
Uncontrolled Keywords: ӨСОА, САТ, SF-36, өмір сапасы, өкпелік вентиляция, бронхтар, психофармакологиялық коррекция.
Subjects: R Medicine > R Medicine (General)
Divisions: Научно-практический журнал "Вестник КазНМУ" > Выпуск №4 2016 год
Depositing User: Mr Askhat Zhakaev
Date Deposited: 31 Mar 2021 09:31
Last Modified: 31 Mar 2021 09:31
URI: http://repository.kaznmu.kz/id/eprint/16420

Actions (login required)

View Item View Item