ЗЕРТХАНАЛЫҚ АҚ ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАР ҚАНЫНЫҢ ГЕМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ АЛА ҚҰРШАЯН MESOBUTHUS EUPEUS C.L. KOCH-УЫНЫҢ ӘСЕРІ

Ыдырыс, Ә. and Қайрат, Б.Қ. and Маутенбаев, А.А. and Кулбаева, М.С. and Аманбай, Б.Б. ЗЕРТХАНАЛЫҚ АҚ ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАР ҚАНЫНЫҢ ГЕМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ АЛА ҚҰРШАЯН MESOBUTHUS EUPEUS C.L. KOCH-УЫНЫҢ ӘСЕРІ. Scientific-Practical Journal of Medicine, "Vestnik KazNMU". ISSN 2524 - 0692

[img] Text
ЗЕРТХАНАЛЫҚ АҚ ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАР ҚАНЫНЫҢ ГЕМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ АЛА ҚҰРШАЯН MESOBUTHUS EUPEUS C.L. KOCH-УЫНЫҢ ӘСЕРІ.pdf

Download (496kB)
Official URL: https://kaznmu.kz/press

Abstract

Құршаян уы ерте замандардан бастап ғалымдар мен дәрігерлердің назарын өздеріне аударып келеді, себебі құршаян уы жоғары биологиялық әсерге ие және организмге жан-жақты әсер етеді. Сонымен қатар құршаяндардың уы құрамы жағынан бірегей, оның құрамында белгілі бір құрбандыққа таңдамалы әсер ететін бірнеше компоненттер бар. Аталған қасиеттеріне байланысты құршаян уының организмге әсерін зерттеу қазіргі заманғы медицина мен биотехнологияның өзекті зерттеу мәселесінің бірі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Берілген жұмыста ала құршаян Mesobuthus eupeus C.L. Koch уының зертханалық ақ егеуқұйрықтардың перефериялық қанының гематологиялық көрсеткіштеріне әсері зерттелді. Жүргізілген гематологиялық талдау нәтижесінде ала құршаян уы егеуқұйрықтардың қан жүйесінде бірқатар өзгерістердің дамуына әкелетіндігін көрсетті, соның ішінде, уланудың 2 және 4 сағатында қан құрамындағы эритроциттер санының азаюы, гемоглобин мөлшерінің төмендеуі, лейкоциттер санының жоғарылауы, моноцитопения мен лимфопения сияқты өзгерістерді атап өткен жөн. Жоғарыда аталған өзгерістер организмдегі шок реакцияның және уланудың әсерінен байқалған. Қорыта келе, тәжірибе нәтижесінде егеуқұйрықтардың Mesobuthus eupeus уының әсеріне төзімді екендігі анықталды.

Item Type: Article
Uncontrolled Keywords: ала құршаян Mesobuthus eupeus C.L. Koch, зоотоксин, егеуқұйрық, қан, гематологиялық талдау
Subjects: R Medicine > RA Public aspects of medicine > RA0421 Public health. Hygiene. Preventive Medicine
Divisions: Научно-практический журнал "Вестник КазНМУ" > Выпуск №4 2016 год
Depositing User: Mr Askhat Zhakaev
Date Deposited: 16 Feb 2021 10:44
Last Modified: 16 Feb 2021 10:44
URI: http://repository.kaznmu.kz/id/eprint/16361

Actions (login required)

View Item View Item