Қайрат, Б.Қ. and Төлеуханов, С.Т. and Зинченко, В.П. КАЛЬЦИЙ-ӨТКІЗУШІ АМРА-РЕЦЕПТОРЛАРДЫҢ СИНАПСТЫҚ БЕРІЛІСТЕГІ РӨЛІ. Scientific-Practical Journal of Medicine, "Vestnik KazNMU". ISSN 2524 - 0692
Text
КАЛЬЦИЙ-ӨТКІЗУШІ АМРА-РЕЦЕПТОРЛАРДЫҢ СИНАПСТЫҚ БЕРІЛІСТЕГІ РӨЛІ.pdf Download (531kB) |
Abstract
Сигнализацияның глутаматергиялық жолы мидағы синапстық берілістің маңызды түрлерінің бірі болып табылады. Ол мидың қалыпты жұмысында және танымдық функцияларды орындауда маңызды рөл атқарады, ал функциясының бұзылуы мидың қабылдау, есте сақтау, сигналдарды беру және өңдеу сияқты танымдық функциялардың төмендеуіне әкеледі. Глутаматергиялық синапстардағы сигналдарды өткізуде глутаматтың ионотропты рецепторлары, соның ішінде АМРА-рецепторлары маңызды рөл атқарады. Аталған рецепторлардың активация және инактивация кинетикасының өте жылдам болуы постсинапстық мембрананың миллисекунд ішінде тез деполяризациялануын және нейрондар арасында импульстердің жоғары дәлділікпен таралуын қамтамасыз етеді. Осылайша, АМРА-рецепторлар функциясының бұзылуы қозу мен тежелу арасындағы баланстың өзгеруіне, сондай-ақ эпилептиформалық белсенділікті қоса алғанда, нейрондық желілердің патологиялық белсенділігінің дамуына әкелуі мүмкін. Бұл AMPA-рецепторларын эпилепсияның фармакотерапиясында келешегі бар зерттеу нысанына айналдырып отыр. Бұл шолу мақаласында синапстық берілу мен серпімділікті реттеуге қатысатын кальций-өткізуші АМРА-рецепторлардың активациясының негізгі механизмдері қарастырылады.
Item Type: | Article |
---|---|
Uncontrolled Keywords: | АМРА-рецепторлар, глутамат рецепторлары, интернейрондар, синапс, ұзақ мерзімді потенциация, нейродегенерация, эпилепсия |
Subjects: | R Medicine > RA Public aspects of medicine > RA0421 Public health. Hygiene. Preventive Medicine |
Divisions: | Научно-практический журнал "Вестник КазНМУ" > Выпуск №4 2016 год |
Depositing User: | Mr Askhat Zhakaev |
Date Deposited: | 05 Apr 2021 09:20 |
Last Modified: | 05 Apr 2021 09:20 |
URI: | http://repository.kaznmu.kz/id/eprint/16456 |
Actions (login required)
View Item |