ЭКСПЕРИМЕНТАЛЬДЫ ҚАНТ ДИАБЕТІ КЕЗІНДЕ ЖАНУАРЛАР ОРГАНИЗМІНДЕГІ БИОХИМИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІН ОҚУ ҮРДІСІНЕ ЕНГІЗУ

Аманкулова, Т.Б. and Молдакарызова, А.Ж. and Тусупбекова, Г.А. and Желдербаева, М.К. and Мустафаева, А.Ж. and Джунусова, М.Ж. and Нургалиева, А.К. ЭКСПЕРИМЕНТАЛЬДЫ ҚАНТ ДИАБЕТІ КЕЗІНДЕ ЖАНУАРЛАР ОРГАНИЗМІНДЕГІ БИОХИМИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІН ОҚУ ҮРДІСІНЕ ЕНГІЗУ. Scientific-Practical Journal of Medicine, "Vestnik KazNMU". ISSN 2524 - 0692

[img] Text
Вестник КазНМУ 1-2022 30.05-328-334.pdf

Download (804kB)
Official URL: https://kaznmu.edu.kz/press/

Abstract

Бұл мақалада қант диабетінің түрлері,оның иммундық жүйеге әсері туралы әдеби шолу келтірілгенҚазіргі таңда таралу жиілігі бойынша өте жоғары көрсеткішке ие аурулардың бірі – қант диабеті. Қант диабеті кезінде қандағы маңызды биохимиялық көрсеткіштердің өзгеруі организмдегі физиологиялық жүйелерге кері әсерін тигізеді. Қант диабеті кезінде физиологиялық жүйелерден эндокриндік жүйе мен иммундық жүйенің функциялары төмендейді. Эндокриндік жүйедегі гормондар бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан, қант диабеті кезінде инсулин гормонының дұрыс бөлінбеуінен зат алмасу қарқындылығы төмендейді. Қант диабеті кезінде қолданылатын фармакологиялық препараттар қант диабетінің жіктелуіне байланысты және құрамы жағынан организм мүшелеріне токсинді әсер етуі мүмкін. Сол себепті қазіргі таңда қант диабеті кезінде қандағы глюкоза мөлшерін төмендететін және иммундық жүйеге тиімді әсер ететін, құрамы жағынан табиғи, токсинділігі төмен биологиялық белсенді қосылыстардың әсерін зерттеу медицинадағы өзекті мәселелердің бірі. Қант диабетіндегі биологиялық белсенді қоспаларды қолдану тәжірибесі олардың бірден екі бағытта жоғары тиімділік көрсететінін көрсетеді: дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігін толтырады; олар қантты қолайлы шектерде ұстауға мүмкіндік бере отырып, тамақтануды реттеуге мүмкіндік береді. Биологиялық белсенді қоспаларды қолданудың әсері олардың метаболизмді қалыпқа келтіру, салмақты түзету (бұл әсіресе 2 типті қант диабетімен байланысты), сондай-ақ ұйқы безі жасушаларының секреторлық белсенділігін арттыру қабілетіне байланысты. Сонымен қатар, биологиялық белсенді қосылыстар күшті антиоксиданттық қасиеттерге ие және холестеринді, бос май қышқылдарын, триглицеридтерді төмендетуге көмектеседі.

Item Type: Article
Uncontrolled Keywords: қант диабеті, HbA1С, инсулин, иммунитет,Т-лимфоциттер, биологиялық белсенді қосылыс, Лангерганс аралшықтары, ұйқы безі, β-жасушалары
Subjects: R Medicine > RZ Other systems of medicine
Divisions: Научно-практический журнал "Вестник КазНМУ" > Выпуск №4 2016 год
Depositing User: Mr Askhat Zhakaev
Date Deposited: 09 Jun 2022 11:29
Last Modified: 09 Jun 2022 11:29
URI: http://repository.kaznmu.kz/id/eprint/16586

Actions (login required)

View Item View Item